Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 5 БЖМОРСМ» КММ басшысы – Тлегенов Қуат Еспенұлы 1971 жылғы 3 қаңтарда Жезқазған облысының Ағадыр ауданының Қызылту селосында туды. 1992 жылы дене тәрбиесі мұғалімі мамандығы бойынша Қарағанды қаласының педагогикалық институтын (қазіргі Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университет) тамамдады. 1992 жылы Жезқазған қаласының қалалық әкімдігі жанындағы жастар, туризм және спорт істері бойынша бөлімінің бас маманы ретінде қабылданды.

1997-2003 ж.ж. – Жезқазған универститетінің дене тәрбиесі кафедрасының ассистенті

2003 ж. – Жезқазған қаласының қалалық әкімдігі жанындағы жастар, туризм және спорт істері бойынша бөлімі басшысының м.а. лауазымына тағайындалды

2005 ж. – бөлімнің қайта құрылуына байланысты, Жезқазған қаласының білім және спорт бөлімі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды

2006 ж. – бөлімнің қайта құрылуына байланысты, Жезқазған қаласының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы

2008 ж. – Жезқазған қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

2008 ж. – Сатпаев қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды

2009 ж. – білім бөлімі қосылу арқылы Сатпаев қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі қайта құрылуына байланысты, Сатпев қаласының білім, дене тәрбиесі және спорт секторының меңгерушісі ретінде тағайындалды

2011 жыл – «Астана» қол добы клубы директорының орынбасары лауазымына тағайындалды

2011 жылғы мамыр айынан бастап – «№ 5 БЖМОРСМ» КММ басшысы

Үйленген, үш баласы бар.